Қосымша білім беру ұйымының атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданының білім беру бөлімінің балалар шығармашылығы үйі» КММ
Мекен - жайы: Қостанай облысы, Қарасу ауданы, Қарасу ауылы, А. Исаков көшесі, 75
Құрылған жылы: 2006 жыл
Ұйымның байланыс деректері (телефон (факс), ұйымның электрондық пошта мекенжайы): 8 (71452) 21 1 59,
Ұйым өз қызметінде білім беру саласындағы заңнаманы, осы Қағидаларды, ұйымның жарғысымен, Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын басшылыққа алады.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қарасу ауданының білім беру бөлімінің балалар шығармашылығы үйі» КММ - де 9 бағыт бойынша 411 баланы қамтитын 23 үйірме мен секция жұмысы жүргізілуде:
Көркем - эстетикалық
Ғылыми - техникалық
Экологиялық - биологиялық
Әлеуметтік педагогикалық
Туристік - өлкетану
Әскери - патриоттық
Спорттық - сауықтыру
Сәндік - қолданбалы
Зияткерлік
2023 - 2024 оқу жылына шығармашылық үйін ұйымдастырудың педагогикалық құрамы штаттық кестеге сәйкес 23 адамды құрайды, оның ішінде директор, директордың орынбасары, 2 әдіскер, бухгалтер, іскер, 2 қызметтік үй - жайларды тазалаушы, қолөнерші, 3 күзетші.
23 педагогтың 20 - сының жоғары білімі, 3 - і арнайы орта білімі, 2 педагогтың педагог - зерттеуші санаты бар.